Өңірлер

Алматыда өз әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

© Sputnik / Данияр ДауталиевСот отырысы
Сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасалған қылмыс бейне бақылау камераларына түсіп қалған: әйел адамның денесі 20 жерден пышақталған

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық сотында  "Асыл Арман" ТК фармацевттің өліміне қатысты қылмыс бойынша үкім шығарылды. Жанар Насырованы өзінің күйеуі Азамат Құлымбетов қастандықпен өлтірген. Ақпан айында ер адам өзінің әйелі жұмыс істейтін дәріханаға басып кіріп, 20 жерден пышақ сұққан. Кейінірек әйел адам ауруханада көз жұмған. Олар отбасылық өмірде 12 жыл бірге тұрған. Қайтыс болған әйелдің артында екі баласы қалды.

© Sputnik / Данияр ДауталиевАлматыда өз әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Алматыда өз әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан
Алматыда өз әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Сот отырысында қылмыскер көзіне жас алып, қайтыс болған әйелдің туыстарынан кешірім сұрады.

Алқа билер соты сотталушыны ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, сотталушы 5 миллион көлемінде өтемақы төлейді. 
Қылмыстың жасалу кезінде түсірілген бейне желіге тарады.



Жаңалықтар
0