АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Федерация кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитеттің төрағасы Константин Косачев Астанадағы сирияаралық жағдайды реттеуге қатысты кезекті кездесуді өткізетін күнді шамамен айтып өтті.
"Бұл күндер – 30 және 31 қазан болуы мүмкін", — деді Косачев РИА Новости тілшілеріне.
Бұған дейін мәлім болғандай, "Астане-7" кезінде кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі мәселе қарастырылады. Келіссөздердің жетінші кезегіне жаңадан Қытай, БАӘ, Египет және Ливан мемлекеттер бақылаушы ретінде қатысуы мүмкін.
Қазақстан елордасында 2017 жылдың басынан бастап Сириядағы жанжалды реттеу бойынша алты кездесу өткізілді. Бұл келіссөздердің ең басты жетістігі Сирияның бірқатар аймақтарында төрт деэскалация аумағын құруды жариялау болды.