АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Полиция лейтенанты Қайыржан Құттыбаев пен аға сержант Максим Вершинин бес жасар баланы оныншы қабаттан құлатпай, аман алып қалды, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Оқиға дүйсенбі 16 қазанда болған. Сағат 16:00 кезінде тұрғындар полицияға хабарласып, Тілендиев көшесі бойындағы үйдің оныншы қабатында бес жасар баланың жылап тұрғанын, құлап кетуге шақ қалғанын айтқан.
Оқиға орнына полицейлер жетіп, баланы ішке кіруге көндіреді. Содан соң тезірек оныншы қабатқа шығып, ескітің ар жағынан сәбимен сөйлесіп, тыныштандырады.
Сол екі арада баланың туысы келген, ол бес жасар бүлдіршінді үйде қалдырып, үш жасар сәбимен бірге дүкенге шығып кеткен екен, ал балконның есігін жаппапты. Отыз жастағы ер адамның сөзіне сүйенсек, ол ата-анасы жоқта балаларға қарайды екен.