АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Семейде ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды YK-news.kz өңірдің полициясына сілтеме жасап.
78 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Олардың мәйіті Қабанбай көшесіндегі өз пәтерлерінен табылыпты.
Қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.