Өңірлер

Шымкенттің әкімі жергілікті мемлекеттік қызметкерлерді автобусқа отырғызды

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтобустар
Автобустар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көліктері бір ай бойына Шымкент әкімшілігінің көлік тұрағында орналастырылады

АСТАНА, 16 қазан  — Sputnik. Шымкенттің әкімі Ғабидулла Әбдірахымов өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге бір ай бойы қызметтік автокөлікті пайдалануға тыйым салды. Бұл уақыт аралығында олар қоғамдық көлікпен пайдаланады, деп хабарлайды аймақтық "Отырар" сайты.

"Жол қозғалысы ережесін және кестені сақтауға қатысты мәселені біз бұған дейін де бірнеше рет көтерген болатынбыз. Автобустардағы жолаушылардың көптігі, жүргізушілер мен кондукторлардың әдепсіздіктері, автобус салондарының тазалығы мәселесін де әлденеше рет қарастырдық… Әр кезде маған проблеманың шешілетіні туралы уәж айтылатын", — деп аймақтық портал Әбдірахымовтың сөзіне сілтеме жасайды. 

Адам толған автобус - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттің шеткі аудандарының тұрғындары оқшауланып қалды

Қала басшысының айтуынша, жағдай еш өзгеріссіз қалған. Тұрғындардан қоғамдық көліктің қызметіне қатысты шағымдардың түсуі толастамайтынын атап өтті.

"Яғни, біз бұл жағдайды толық бақылауға алмағанбыз. Осыған орай ендігі кезде мәселені басқаша қарастырамыз ", — деп жалғастырды өз сөзін әкім.

Қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салу мерзімі бір айға созылады. Ол қала әкімі, оның орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық әкімдер, олардың орынбасарлары, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықтар мен мекемелердің басшыларына қатысты болады.

Қызметтік көліктердің барлығы Шымкент әкімдігінің автотұрағына қойылды. Сонымен қатар, Әбдірахымов жиналыстар мен кездесулердің санын азайтып, оның орнына қазіргі заманғы телефон және селектор байланыс құралдарын белсенді пайдалануға шақырды. 
Жаңалықтар
0