Өңірлер

Қараша айында ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қараша айы жауын-шашынды, желді болады деп болжанып отыр

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Синоптиктер қараша айында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қараша айы жауын-шашынды, желді, таңғы және түнгі сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады деп күтілуде. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірінде айдың ортасында қар жауып, бұрқасын соғады", — деп хабарлады орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазгидромет" РМК ауа райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева. 

Ағаш бұтағындағы қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның бірқатар облысында күн күрт суытады

Синоптик қыстың ызғарын айдың соңында сезіне бастайтынымызлы айтты. 

"Бұл кезде еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірінде сынап бағанасы түнде – 30 градусқа дейін, ал күндіз – 15 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде түнде – 15, ал күндіз 5 градус  аяз шамасында болмақ", — деді ол. 

"Тұрақты қардың жамылғысы еліміздің солтүстігінде қарашаның ортасында байқалса, еліміздің оңтүстік және батыс өңірінде желтоқсан айының екінші жартысында түседі деп болжанып отыр", — деді Ақышева.

Жаңалықтар
0