Қоғам

Бас прокуратура экономикалық қылмыс үшін қамауға алмауды ұсынды

© AFP 2024 / Sandor GemesҚолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өйткені экономикалық қылмыстар адам өміріне қауіпті емес

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Бизнеске қысымды азайту үшін экономикалық қылмыс жасағандар сотқа дейінгі қамауға алынбайтын болады, деп хабарлады ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

"Бизнеске қысымды азайту үшін экономикалық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі қамауға алмайтын боламыз. Ондай қылмыстар адамның өміріне қауіпті емес. Әрине, рейдерлік, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржы пирамидалары және ұйымдасқан қылмыстар, қылмыстық топтар оған кірмейді. Егер өкілетті органның тексеру актісімен ревизия немесе аудит арқылы залал не елеулі зиян келгені, заңсыз кіріс болғаны расталмаса, қылмыстық құқық бұзу туралы арыздар, хабарлар, рапорттар тіркелмейді. Онда да қылмыс белгілері болуы керек. Екінші, жазбаша жасалған азаматтық құқықтық мәмленің орындалмауы құқық бұзушылыққа әскелмесе, онда да мұндай мәмленің жалған не бүркеме екенін дәлелдейтін сот шешімі болуы керек. Осындай талаптар кодекске енгізуді ұсынып отырмыз", — деді Марат Ахметжанов мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында. 

Тағы бір маңызды мәселе, қазір тергеуші меншік иесінің мүлкін пайдалану құқығын 10 күнге шектей алады. Ол туралы бизнесмен білмеуі мүмкін. Енді тергеуші бұл жөнінде меншік иесіне 24 сағат ішінде хабарлауға міндетті. 

"10 күннен кейін ол шектеуді алуға міндетті немесе мүлікке арест салу үшін сотқа баруға тиіс. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ондай шектеу жоқ. Кейде мүлік ешқандай сот шешімінсіз айлап арестіде тұра береді", — деп толықтырды ол.

Жаңалықтар
0