АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі аккаунтында Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты "Ынтымақтас Қырғызстанның Президенті болып, Қазақстанмен жан-жақты серіктестіктің маңыздылығын түсінетін С. Жээнбеков сайланды", — деген пікірін білдірді.
Sputnik Қырғызстан хабарлауынша, 15 қазан, сағат 22.30 кезіндегі мәлімет бойынша, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 54,75% дауысын жинады. Одан кейін екінші орында сайлаушылардың 33,8% дауысын жинаған Өмірбек Бабанов, үшінші орында сайлаушылардың 6,47% дауысын жинаған Адахан Мадумаров болды.