Әлем

Балықшылар үлкен ақ акуланың шабуылын видеоға түсіріп алды

© Sputnik / Павел Давыдов / Медиабанкке өтутеңіз, архив
теңіз, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Австралияда бес метрлік ақ акула балықшыларға шабуыл жасады

АСТАНА, 15 қазан— Sputnik. Австралияда балықшылар дрон арқылы үлкен ақ акуланың қайықтарына жасаған шабуылын түсіріп алған, деп жазады РИА Новости.

Балықшылар балық аулап жатқан кезде құрған тұзақтарының бірі қозғалғанын байқайды. Олардың аулаған балығын үлкен ақ акула жұлып алмақ болған. 

Видеодан бес метрлік теңіз жыртқышының қайықтың айналасында айналып жүріп, одан кейін шабуылдап, қайықты тістеп алмақ болғанын көруге болады. Осы кезде балықшылардың бірі акуланың "ызаланып кеткенін" айтады. Ол қайықтың моторы мен GPS қондырғысына тап береді. 

"Әдетте олар судан басын шығарады да ары қарай жүзіп кетеді. Ал мына акула өзінің олжасын алып кеткісі келді", — де песке алады балықшылардың бірі. 

Ал екінші балықшы өмірінде көрген акулалардың ішінде ең "ашулысы" осы екенін айтады. 

"Мен балық аулаумен 12 жыл айналысамын. Осы жылдар ішінде мұндай ашулы акуланы бірінші рет көрдім", — дейді ол. 


Жаңалықтар
0