Өңірлер

Шымкентте педофилдің қолынан екі бала зардап шеккен

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз баланы иығынан ұстаған ер адам
Қыз баланы иығынан ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте балаларды аңдыған педофилдер туралы ақпарат таралды, алайда полицейлердің айтуынша, олар тек бір күдіктіге іздеу салған

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Шымкенттік полицейлер педофилге іздеу салды. Алдын ала болжам бойынша оның қолынан кем дегенде екі бала зардап шеккен, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қылмыс туралы мәліметтер әзірге жарияланбайды. Порталдың хабарлауынша, қалада балаларды аңдыған педофилдер туралы ақпарат таралған. Әлеуметтік желілерде қылмыскерлердің фотосуреттері таратылып жатыр. Шын мәнінде прлицейлер бір педофилге іздеу салған, ал интернет желісінде таралған ақпарат жалған болып табылады.

"Еңбекші полиция бөлімшесіне 3 және 4 қазан күндері Шымкенттің екі тұрғыны келіп, кәмелетке толмаған балаларына қатысты 19-20 жасар белгісіз ер адамның зорлық көрсеткені жайында шағымданады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 124-бабы бойынша тіркелді", — деді ОҚО ІІД Тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.
Белгісіз ер адамды іздеу шарасын жүзеге асыру үшін жедел топ құрылды. Күдікті адамның фотороботы жасалып, Шымкент қаласының барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді.

Жаңалықтар
0