АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Әйел адамның хәлі нашар, соған сәйкес оған қан құю қажет. Алайда өзінің діни көзқарасына байланысты одан бас тартып отыр, деп хабарлайды Alau.kz.
Порталда берілген ақпаратқа сәйкес, Қостанай хирургиялық орталықтың 77 жасар ем қабылдаушысы ауыр хәлде жатыр. Әйел адамға шұғыл түрде қан құю қажет. Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам ауруханаға "панкреонекроз" диагнозымен түскен. Қанның көп кетуіне байланысты оған қан құю қажет болып тұр.
"Ем қабылдаушының ақыл-есі дұрыс. Өзінің діни көзқарасына байланысты қан құю процедурасынан бас тартып отыр. Сондықтан біз барлық қажетті шараны ота жасау арқылы жүзеге асырмақпыз. Ондай жағдай болған күнде де қан құю қажет болады", — дейді Қостанай хирургиялық орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Гаврилов. Дәрігерлердің айтуынша, әйел адамның қызы да оған өз сөзін өткізе алмайды.