Оқиға

Алматыда бір жасар баланы көшеге қалдырып кеткен

© Photo : Pixabay /Free-PhotosҰйықтап жатқан сәби
Ұйықтап жатқан сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер баланың үстінде киімі кірленген. Денсаулығында ешқандай ауытқулар жоқ

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Дәрігерлер Алматы қаласы көшелерінің бірінен табылған бір жасар баланың ата-анасы немесе туыстарының хабырласуын сұрайды, деп хабарлайды patrul.kz порталы. 

Порталдағы мәліметтерге сәйкес, полиция қызметкерлері баланы 8 қазан күні сағат 21.00 шамасында Алматы қаласы Түрксіб ауданынан тауып алған. Үстіндегі киімі лас, қарны ашып, тоңып қалған бала № 1 қалалық клиникалық аурухананың гемотологиялық бөліміне жеткізіледі. 

"Жүргізілген сараптамалардың нәтижесіне сәйкес, баланың денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ. Тамаққа деген тәбеті жақсы. Сөйлемейді, бірақ түсінеді. Егер осы баланы іздегендер болса, балалар ауруханасының гематология бөліміне келсе болады", — дейді гематология бөлімінің аға медбикесі Маржан Мамаева.

Дәрігерлер, егер кімде-кім баланың ата-анасы немесе оның туыстары туралы білетін болса, 8 (727) 276-74-02 байланыс нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

 

Жаңалықтар
0