АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Қазақстанның жасы егде тартқан азаматшасы Қырғызстандағы шекаралық пунктті қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан тілшілері.
Жасы жетпіске келген әйел өзінің жолдасымен Қазақстанға бара жатады. Алайда, "Тоқмақ – автожол" өткізу-бақылау пунктіне жетер кезде есінен танып қалып, ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмады. Қырғызстанның шекара қызметі әйелдің кезекте тұрмағанын атап өтті. Егде әйел гипертониялық асқыну салдарынан көз жұмған.