Оқиға

Алматыда үш көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

© SputnikГете - Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Гете - Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автокөліктің бірінің жүргізушісі "Жол беру" белгісін елемеген

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Алматыда үш көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Гете және Алғабас көшелерінің қиылысында орын алған. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сұр түсті Toyota Highlander көлігі Алғабас көшесі бойымен батыс бағытта жүріп келе жатады. Гете көшесінде жүргізуші "Жол беру" белгісін елемей, оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан қара түсті Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысады.

Соққының салдарынан автокөлік айналып кетіп, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысады. 

Жол апаты кезінде екі адам —Mercedes көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Алматы полицейлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
1/3
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
2/3
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
3/3
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
1/3
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
2/3
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты
3/3
Гете-Алғабас көшелерінің қиылысындағы жол апаты

 

 

 

Жаңалықтар
0