АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Арменияның әскери полигондарында ҰҚШҰ "Әскери бауырластық-2017" атты жедел-стратегиялық оқу жаттығуларының бір кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу жаттығуларының негізгі бөлігі Ереван қаласы маңындағы "Баграмян" полигонында өткізілді.
"Өзара әрекеттестік-2017" оқу жаттығулары – біздің қарулы күштердің әскери дайындығын жетілдіру бағытындағы күрделі қадам болып табылады. Бұл шара өзара әрекет етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады", — деді ҚР ҚК Бас штабының басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.
"Әскери бауырластық-2017" жедел-стратегиялық оқу жаттығуларының келесі кезеңі ағымдағы жылдың 16-20 қазан аралығында Қазақстандағы "Іле" полигонында өткізіледі.