АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Екі жыл бойына "Алма-Ата" әйелдер клубы қарттарға тегін нан таратады. Бұған дейін бұл акция клуб қатысушыларының есебімен жүзеге асырылып келген болатын. Ендігі кезде бұл іске қолдау көрсетуді қалаған әрбір адам Garage Sale (Гараж сатылымы) шарасына қатыса алады. Қайырымдылық жаппай сатылым 15 қазан, жексенбі күні, Алматы қаласындағы Grand Park СОК (Қабдолов көшесі 1/4, Саин және Өтеген Батыр көшелерінің арасында) өткізіледі.
"Қараша айында "Қарттарға нан беру"акциясына екі жыл толады, біз келісімге қол қойып, күн сайын 100-120 нан таратамыз. Қарт адамдар дүкеннің алдына сағат таңғы 6-дан бастап жиналады. Бұл нандар біздің клуб мүшелерінің мүшелік жарнасының есебінен сатып алынады, бірақ қазіргі уақытта біз жаңа деңгейге өтіп, бұл шараға қоғам мүшелерін де тартуды ойластырып отырмыз. Осыған орай, жаппай сатылым идеясы қабылданды. Түскен қаржы қарт адамдарға нан алу үшін жұмсалады", — деп түсіндірді "Алма-Ата" әйелдер клубы.