Саясат

Атамбаев: Қырғызстан халқы үш күндік блокададан ешқашан қорықпайды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскерилердің алдында сөйлеген сөзінде Қырғызстан басшысы тағы да қазақстандық саясат туралы пікір білдірді

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанмен арадағы шекарада орын алған жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.

Президент сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, Атамбаев жұма күні қырғыз әскерилеріне арналған көппәтерлі үйлердің ашылу салтанатына қатысқан. Саясаткер соңғы бірнеше күнде Талас, Ош, Жалал-Абад облыстарында жұмыс сапарымен болғанын айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Владимир Путинмен өткізген келіссөздерден кейін - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Оның бәрі жалған" - Назарбаевтың Сочиде айтқан бес маңызды сөзі

"Осы үш күн ішінде мен қырғыз-қазақ шекарасында болып жатқан жағдайларды бақылап отырмын. Ол жерде Еуразиялық экономикалық одақтың барлық нормалары мен келісімдері бұзылып жатты. Біздің халық көп қиындықты басынан кешірді. Қырғыз жазуының үш мыңжылдық тарихы бар, яғни біздің халқымыздың тарихы да осындай уақытқа созылады. Үш мыңжылдық тарихы бар халықты ешқашан үш күндік блокада қорқыта алмайды, ешқандай қысым, ақша, қорқыту әрекеттерінің салдарынан шетелдің қалаған адамдарын сайламайды, —деді Атамбаев салтанатты жиын кезінде.

"Біз 2010 жылы не көрмедік – бір жарым ай блокада да болды, адамдардың қиналғанын да көрдік, сондықтан қазіргі заңсыздықты да жеңіп шығамыз. Бірақ біз өз тәуелсіздігімізді қорғап қаламыз. Өкінішке қарай, біз елімізге шетелдік әскердің басып кіруінен ғана емес, Қырғызстанға президент ретінде шетелдің "таңдаған" адамын сайлау арқылы да өз тәуелсіздігімізден айрылып қалуымыз мүмкін екенін көріп отырмыз. Мұндайға жол берілмейді! Менің білуімше, ешқашан мұндай жағдай орнамайды!", — деп қосты Атамбаев. 

Қырғызстандағы сайлау, архив - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Қырғызстандағы президент сайлауын бақылаудан бас тартты

"Егер кімде кім өз көршісінің үйін өртегісі келсе, желдің бағыты өзгеріп, өз үйін де өрт шалуы мүмкін екенін есте сақтау керек. Біз сияқты көршілес елдерге бейбіт қарым-қатынаста, достықта өмір сүріп, бір-бірімізге көмектесу қажет. Қазақстанда болған аштық кезінде жүз мыңдаған қазақ соңғы нанымен бөліскен біздің халқымыздың арқасында тірі қалды", — деп жалғастырды өз сөзін президент. 

Атамбаев қырғыз халқын ақшаға сатып алуға немесе қорқытуға болады дегендер қателесетінін айтып өтті.

"Қырғыз халқы ешқашан тізе бүккен емес, тізе бүкпейді де", — деді мемлекет басшысы.

Атамбаев тәуелсіз Қырғызстанның өзінің тура жолымен жүре беретінін атап өтті.

"Өздеріңіз куә болғандай, соңғы бес-алты жыл ішінде республикада бірқатар өзгерістер болды. Бұған дейін Ресей президенті айтқандай, біздің әскеріміз жалаңаяқ болатын. Олар тіпті аш жүретін еді. Ал қазір Қырғызстан әскерилерінің лайықты еңбекақысы бар, олар үймен, киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Біздің әскеріміздің саны аз болғанымен, әскери қуаты жоғары. Бұл үшін мен біздің әскерилерге, оларды тәрбиелеген ата-аналарға және олардың жұбайларына алғыс айтамын", — деп түйді өз сөзін Қырғызстан президенті. 

Жаңалықтар
0