АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Қазақстан үкіметі Қырғызстан мемлекетіне ресми түрде гуманитарлық көмек көрсету туралы қаулы қабылдады.
9 қазан күні қабылданған бұл құжатқа сәйкес, Қырғызстанда орын алған табиғи-климаттық жағдайға байланысты аталған материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық қордан бөліп қою қарастырылған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ресми гуманитарлық көмекті қабылдап алатын нақты мекемені анықтау қажет.
ҚР Инвестиция және даму министрлігі гуманитарлық жүкті Қырғызстандағы белгіленген орынға жеткізу үшін қажетті тасымалдау құралдарымен қамтамасыз ету қажет.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Жарияланған тізімге сәйкес, Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 1,5 мың шаршы метр кесілген тақтай, 150 тонна метал прокат және 1,2 мың дана ағаш бағана беріледі.