Қоғам

Астана базарында белгісіз имамдардың заңсыз намазханасы анықталды

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуЖайнамаз
Жайнамаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана базарларының бірінде жалгер белгісіз уағызшыларға намазхана ретінде орынды жалға берген

АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Астана қаласы Орталық базарында ресми емес намазхана жұмыс істеп тұрған. Ол жерге келген адамдармен белгісіз дін уағыздаушылары жұмыс жасаған, деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Билік орындарымен келісілмеген бұндай миссионерлік қызмет мамыр айында әшкереленгені айтылады. 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратты жалға алған ЖШС иесін әкімшілік жазаға тартып, кәсіпкерге 200 АЕК (1 АЕК = 2 269 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді. Алайда, мұндай құқық бұзушылықты ол алғаш рет істеп тұрғанға орай, сот белгіленген айыппұлдың көлемін 30% азайтты. Үкім заңды күшіне енді.

 

 

Жаңалықтар
0