АСТАНА, 13 қазан— Sputnik. Шығыс-Қазақстан облысындағы ауылдық мешітке келген адамға намаз оқу реті ұнамай, имамға ескерту айтады.
Шолпан ауылындағы мешіт үйінің ішкі тәртібі де көңіліне жақпаған адам, жергілікті имамды мешітке келген жамағаттың көзінше сынға алады.
"ШҚО Үржар аудандық соты С. есімді азамат тарапына қатысты ҚР ӘҚБК 490-бабының 2-бөліміне ("ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу") сәйкес әкімшілік іс қозғалды", — деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сот мешітке келген адамды айыпты деп танып, 50 АЕК (113 450 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады. Алайда, куәгерлердің берген жауаптарына қарамастан, құқық бұзушы өз кінәсын мойындаған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді.