Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновкүз
күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14-16 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде күн ашық болып, ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді. Тек кей өңірлерде жауын-шашын болуы мүмкін.

"Қазақстан территориясына жылы және жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон өтіп барады. Оның соңынан батыс өңірден енген атмосферлық фронттардың шығысқа қарай жылжуы кезінде кей жерлерде жаңбыр жауады", — дейді синоптиктер. 

Тропосферада оңтүстік-батыс ағындары сақталатындықтан, ауа температурасы күрт төмендемейді. 


Жаңалықтар
0