АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Алматыда бір жасар қыз бала "Март" сауда орталығында үшінші қабаттан құлап кетті, қазіргі уақытта сәби жансақтау бөлімінде жатыр.
"Баланың хәлі ауыр, алған жарақаттары ауыр. Ол жансақтау бөлімшесінде жатыр", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне №1 қалалық балалар ауруханасынан.
Полиция бұл жағдайды жазатайым оқиға ретінде тіркеген.
"Аталған факті Түрксіб ауданының ішкі істер басқармасында тіркелді. Басқа жағдайларды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша бұл жазатайым оқиға", — деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сауда орталығында эскалатормен көтеріліп келе жатқан анасының қолынан сәбиі түсіп кетуі мүмкін