АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын болмай, күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Республиканың солтүстік-батысында түнде және таңертең, оңтүстігінде таңертең және күндіз, батысында күндізгі уақытта аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жел күшейеді. Батыс және солтүстік өңірдің кей жерлерінде тұман түседі деп күтіледі.