Оқиға

Теміртаудағы ТЖ кезінде зардап шеккендерді хәлі туралы белгілі болды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуДәрігерлер
Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Газдың тұтануы кезінде зардап шеккен "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің хәлі орташа және ауыр деп бағаланды

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Шесть сотрудников "АрселорМиттал Теміртау" комбинатының алты қызметкері №1 газқұбырында жұмыс жүргізіп жатқан кезде жарақат алды, олардың үшеуі қазір ауыр хәлде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Теміртауда металл комбинатындағы ТЖ кезінде алты адамды күйік шалды

Газ құтқару қызметі бөлімінің қызметкері, 1969 жылы туған С. Толстов, газ желілері бөлімінің газшысы, 1967 жылы туған С.Клюско және ыстық бөлімдегі жұмысты реттеу шебері, 1968 жылы туған В. Редькин термиялық күйікке шалдықты. Қазіргі уақытта олар Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында, жалпы жағдайы орташа. 

"Газ желілері бөлімінің шебері, 1979 жылы туған Е. Маханов, газ цехының электр дәнекерлеушісі, 1979 жылы туған К. Лукашев, №1 станцияның слесарь-жөндеушісі, 1976 жылы туған В. Семейченко Теміртау қаласы орталық қалалық ауруханасында, жалпы жағдайы ауыр", — делінген компания хабарламасында. 

Жаңалықтар
0