Саясат

ҚР Сенаты Норвегиямен арадағы автотасымал туралы келісімді ратификациялады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Норвегия арасындағы жүк тасымалы басқа елдердің компанияларының көмегімен жүзеге асырылып жүр

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Парламент сенатының депутаттары Қазақстан мен Норвегия арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы туралы келісімді ратификациялады. Бұл келісімді ратификациялау арқылы Қазақстан мен Норвегия арасындағы автокөлік тасымалы мен осы мемлекеттер территориясы арқылы транзиттік тасымалды жүзеге асырудың құқықтық негіздемесін жасауға мүмкіндік туады. 

Заң жобасының негізгі мақсаты екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жүзеге асыруды жеңілдету және халықаралық автокөлік тасымалы саласында өзара серіктестікті жүзеге асыру болып отыр.

Бұған дейін ҚР Инвестиция және даму министрі Женіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі кезде екі елдің арасындағы жүк тасымалы үшінші мемлекеттердің, мысалы, Белоруссия және Ресейдің жүк тасымалдау компанияларының көмегімен  орындалып жүр. 

 

 

Жаңалықтар
0