Саясат

Шымкент пен Ташкент арасында тұрақты автобус қатынайтын болды

CC0 / / Автобус жолаушылары
Автобус жолаушылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылардың тікелей тасымалы жоқ

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. ҚР Парламенті сенатының депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Хаттама негізінде автокөлікпен жолаушыларды тұрақты және тұрақты емес, транзиттік тасымалдарын жүзеге асырудың құқықтық нормалары бекітіледі.

ҚР Инвестиция және даму министрі Женіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалдайтын тұрақты автобус қатынасы жүргізілмейді. Бұл шекарадан өту кезінде қиындықтар тудырады. 

"Осыған байланысты ағымдағы жылы Шымкент пен Ташкент арасында тұрақты автобус қатынасын орнатуды жоспарлап отырмыз, ал келесі жылы басқа да ірі қалалар арасында автобус қатынасын орнату жоспарланып отыр", — деді Қасымбек бейсенбі күнгі пленарлық отырыста. 

Министрдің айтуынша, хаттаманы ратификациялау екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастың дамуына және екі жақты қатынастарды нығайтуға әсер етеді. 

 


Жаңалықтар
0