АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД басшылары кеңесінің отырысында біржақты құрамда ТМД елдерінде еркін сауда қатынасы туралы келісім жобасы бойынша атқарылып жатқан процесті белсендіру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Өз сөзінде мемлекет басшысы қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуында ТМД рөлін ерекше атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Достастықты одан ары дамыту Концепциясын тексеріп, жаңа іс-шаралар жоспарын құруды ұсынды.
Оған қоса, Қазақстан Президенті достастық елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету мәселесіне ерекше тоқталды.
"ТМД аумағында еркін сауда айналымын орнату біздің елдердегі бизнесмендерге жаңа мүмкіндіктер ашып беріп, сауда-экономикалық кооперацияны жаңа деңгейге көтеретін еді. Үкімет басшыларының кеңесі мен Атқарушы комитетке Еркін сауда қатынастары туралы Келісім жобасына қатысты жұмысты жандандырып, оны таяу уақыт аралығында қабылдауды ұсынамын", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөз соңында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының төрағалығының нәтижелігін ерекше атап өтіп, келесі жылы ТМД төрағалығында болатын Тәжікстан Республикасына сәттіліктер тіледі.