АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Алматы облысында өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырып жіберген әйелге қатысты сот жүріп жатыр, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот алдына Талғар ауданы Кеңдала елді мекенінің тұрғыны Марина Тюменцева келді. Ол өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырып жіберген.
Оған ҚР ҚК 140-бабы бойынша айып тағылып, бүгін алдын ала тыңдау өткізілді.
Баптың санкциясына сәйкес, ол айыппұл төлеп, түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін немесе 75 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.
Сот отырысы Алматы облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі №2 мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.
Шілде айында әлеуметтік желіде кішкентай баланын төсектен алып, еденге лақтырған әйелді түсірген бейне таралған болатын.