Саясат

Перуашев Қырғызстан шекарасындағы тексерудің күшеюіне қатысты пікір білдірді

© SputnikАзат Перуашев
Азат Перуашев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс мүшесі Қырғызстан шекарасындағы өткізу режимінің күшеюіне көрші мемлекеттегі сайлау алды науқан қатысты болуы мүмкін деген пікірді алға тартты

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қырғызстан шекарасындағы бақылаудың күшеюі көрші республикада болатын сайлауға қатысты болуы мүмкін, деген пікір білдірді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

"Жабық тұр деген жоқ. Тексеру барысын күшейткен. Мұның немен байланысты екенін тек болжауға болады. Бұл жағдайға қатысты тиісті органдар әрекет етуі керек", — деді Перуашев сәрсенбі күні тілшілерге. 

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Видео
LIVE: Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдай

"Бұған қатысты мен тек болжам жасай аламын. Екі арадағы негізсіз пікірталастар шиеленісетін болса, біздің шекараны қорғауды күшейту де қажет шығар. Бірақ бұл менің жеке пікірім", — деп қосты мәжіліс мүшесі. 

Ол қырғыздардың Қазақстан үшін бауырлас әрі көрші мемлекет екенін атап өтті. 

"Біз көршілес мемлекетке қатысты үнемі жылы қабақ танытамыз. Алайда болмашы пікірталастар біздің тұрақтылығымызға кері әсерін тигізбеуі керек", — деп түйіндеді Перуашев. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі 10 қазан күні сағат 18:00 бастап, қазақ-қырғыз шекарасында көліктер мен адамдарды өткізу іргелес мемлекет тарапынан күшейтілген түрде орындалып жатқанын мәлімдеді. 

10 қазан күні сағат 20:00 бастап, Қырғызстан Республикасы елдегі президент сайлауына дайындық және оны өткізу шараларына қатысты шекара қызметі күшейтілген режимдегі жұмыс кестесіне ауысқан. Алайда, қалыптасқан шараларға қарамастан, қырғыз елі тарапынан шекаралық бақылаудан өтуге қатысты шектеулер қойылмаған. 

Қазақстан тарапы бұл оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.


Жаңалықтар
0