АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамды тоқ ұрды.
"Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде менің жанымда жарылыс болды. Жұмысшы зардап шекті", — деп жазады алматылық Индира Хаметчина өзінің Facebook парақшасында.
"Бізге 11.10 кезінде хабар келіп түсті. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамды тоқ тартқан. Қазір ол қалалық клинакалық ауруханаға жеткізіледі. Жалпы жағдайы ауыр", — деп мәлімдеді Алматы қалалық желдем жәрдем қызметі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында болған.