АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. 20 тамыз Қала күнінде орын алған төбелес кезінде қайтыс болған жігіттің туыстары, Рудный қаласының тұрғындары оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" порталы.
Төбелес кезінде алған жарақаттарының салдарынан Дмитрий Дядюн 23 тамыз күні Рудный қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде қайтыс болады.
Төбелес қатысқан екінші адам – кикбоксингтен спорт шебері, ҚР негізгі құрамасының мүшесі қазір қамауда отыр.
Қайтыс болған жігіттің туған-туыстары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға куәгерлерін іздейді.
"Тергеу жүріп жатыр. Заң бойынша мен барлық жағдайды айта алмаймын. Бірақ біздің отбасы, болған оқиға туралы толық мәліметті қалыптастыру үшін оқиға куәгерлерін көмек көрсетуге шақырамыз. Төбелес түнгі сағат 01:00 шамасында "Горняк" кешенінде болған", — дейді Рудный тұрғындарына қайтыс болған жігіттің ағасы Владимир Дядюн.
Куәгерлер мына телефондар арқылы байланысқа шығуға болады: +77475047517 немесе +77056351345.