Өңірлер

Түркістан вокзалында діни ерекшелігі бар заттар заңсыз сатылған

© Photo : otyrar.kzТүркістан вокзалы
Түркістан вокзалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Діни қызмет туралы заңды бұзғаны үшін сауда нүктелерінің иелеріне айыппұл салынды

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Түркістан қаласы теміржол вокзалында көлік полицейлері діни сипаттағы заттардың (кітаптар, декоративтік кәдесыйлар) заңсыз сату әрекетін анықтады, деп жазады аймақтық "Отырар" басылымы. 

Екі сауда нүктесінің иелері ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер заңын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысына 35 АЕК (79 415 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалды. 

ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес діни сипаттағы әдебиет, материалдар және діни белгісі ерекшеленетін заттар арнайы орындарда, діни білім беру орындарында, жергілікті атқарушы органдар бөлген арнайы орындарда сатылуы тиісті.

Жаңалықтар
0