Өңірлер

Оралда ұшақтың шассисіз қонуынан кейін ұшу-қону алаңы зақымданған жоқ

© Sputnik / Серикжан КовланбаевӘуежайдағы ұшақ
Әуежайдағы ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнында 30-дан астам адам жұмыс жасап, бірнеше сағаттан соң әуежай әдеттегі тәртіппен өз жұмысын жалғастырды

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Ұшақтың шассисіз шұғыл түрде қонуы салдарынан  Оралдағы әуежайдың ұшу-қону алаңы зақымданған жоқ, деп хабарлайды аймақтық "Мой город" басылымы.

10 қазан күні сағат 19:56 кезінде AIR CONTROL әуе компаниясының ұшағы Орал қаласының әуежайында апаттық жағдайда қонды. Ұшақ бортында үш адам болған, зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға салдарынан екі ұшақ сапары кешіктірілді: Орал-Ақтау сағат 19:45-тен 00:40, Алматы-Орал 19:30-дан 21:20 уақытына ауыстырылды.

"Қазір (23:40) қонатын ұшақтарды қабылдай бастаймыз. Ұшу-қону алаңы зақымданған жоқ. Барлығысы тазаланды, бәрі қалыпты жағдайда", — деп хабарлады әуежай директоры Хайретдин Расқалиев.


Жаңалықтар
0