Қоғам

Экологтар Астанадағы түтіннің себебін түсіндірді

Жазылу
Елорда тұрғындары қала үстінде тұнған түтінді байқады

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Елордада орын алған түтіннің басты себебі табиғи тұман мен желсіз ауа райы болып отыр, деп хабарлайды elorda.info порталы. "Қалада байқалған түтін, ең алдымен табиғи сипатта болған. Астанада желсіз ауа райының салдарынан жердің үстіңгі қабаты мен атмосфераның жоғары қабатында тұман түскен.  Қалада жел күшінің деңгейі өте төмен болып, 0-0,9 м/с құраған болса, ауа ылғылдығы 79% болды. Ал бұл тұманның түсуіне тікелей ықпал ететін көрсеткіш", — деп хабарлады Астана қаласы Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті, Экология департаментінің жетекшісі Мансұр Ошырбаев.

Сонымен қатар, ауа райы желсіз болған кезде жеке меншік үйлердің мұржасынан шыққан түтін де оның қала үстінде тұнып қалауына әкеледі. 

Мансұр Ошырбаев өз кезегінде "Қазгидрометтің" атмосфералық ауаның жағдайын бақылау бекеттері Астанадағы ауаның ластануын тіркемегенін атап өтті. Бұл күндері орын алған атмосфералық ауа тұрғындардың денсаулығына зиян тудырмады. 

Жаңалықтар
0