Өңірлер

Алматыда мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері сотталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы мен бөлімнің бас маманы кәсіпкердің оған қатысы жоқ айыппұлдан қорғап қалуға уәде береді

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Алматыда мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері сотталды. Қылмыстық істің материалдары негізінде, 2016 жылдың қыркүйек айында  Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментіне кәсіпкерлерге қатысты кедендік және тауарларға арналған декларацияларға қатысты  тексеру жүргізу туралы тапсырма келіп түседі. Бұлардың қатарында "Ахметов" ЖК тауарларының декларациясы да болады. 

2016 жылдың қазан айында Алматы МКД пост-кедендік бақылау бөлімінің жетекшісі өзінің қарамағындағы бөлімде қызмет ететін Е. есімді бас маманмен келісімге келеді. Ол өз кезегінде кәсіпкер Ахметов тарапынан кедендік заңнаманы бұзу әрекеттері болмағанын біле тұра, ЖК иесіне заңнаманы бұзу реті тіркелгенін хабарлайды. Осыдан кейін азамат Е. кәсіпкерді 5,5 миллион теңге айыппұлдан құтқармақ болып, одан үш мың АҚШ долларын сұрайды. Ахметов болса оған келісіп, Ш. мен Е. есімді азаматтарға аталған соманы береді.

Сот отырысында бөлім басшысы Ш. өзіне танылған айыпты мойындамаған болса, Е. есімді бас маман барлық істі мойындады. 

Осылайша, Ш. есімді сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленді. Е. есімді сотталушыға қатысты сот қатылдық көрсетпей, 1,5 жылға бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады. 


Жаңалықтар
0