Қоғам

Мұхамедиұлы: Елбасы латын әліпбиінің жаңа жобасы ыңғайлы екенін айтты

CC0 / / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Латын әліпбиін енгізу және пайдалану бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленеді

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақ әліпбиінің жаңа жобасын Елбасы да, ғалымдар да ыңғайлы деп отыр. Дегенмен, халықтың ұсыныстары әлі де қабылданып, өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

"Кеше ғалымдар сөйледі. Бұл соңғы нұсқа емес. Ыңғайсыз дүниелер болса, оның бәрі ескерілді. Мысалы, осыған дейінгі жобадағы w әрпі бойынша көп ұсыныстар болған еді, ол түзетілді. Енді тағы да жобалар, ұсыныстар болса, барлығы талқыланады", — деді Мұхамедиұлы журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Министр латын әліпбиінің жаңа жобасын көпшілік ыңғайлы деп отырғанын айтты. 

"Елбасыға да, ғалымдарға да, басқа жауапты азаматтарға да қазіргі ұсынылған жоба өте қолайлы", — деді ол. 

Мұхамедиұлы халықтан әлі де ұсыныстар қабылданатынын атап өтті. 

"Халықтан нақты ұсыныстар келіп жатса, жобаға тағы да өзгерістер енгізіледі", — деді ол. 

Министр латын әліпбиін енгізу және пайдалану бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленетінін жеткізді.

Жаңалықтар
0