АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. "Эйр Астана" АҚ ұлттық әуекомпаниясын мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін айыптаған Оғыз Доған сотт моральдық өтемақы ретінде 1 теңге сұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Азаматтық арыз Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына түсті. Оғыз Доғанның мүддесін қорғаушы адвокат Абзал Құспан оның талаптары туралы айтып берді.
"Біз олардың айыптарын мойындап, Оғыз Доған алдында кешірім сұрауын талап етеміз. Процестік кодекстің нормаларына сәйкес, біз талаптарды өзгерте аламыз, бірақ әзірше тек кешірім сұрауын талап етеміз. Материалдық жағы да бар, өтемақы көлемі 1 теңге", — деді адвокат.
Істі қарастырушы судья Нұржан Қалымжанованың айтуынша, келесі отырыс 16 қазанда болады. Сол жерде тараптар бітімге келіп, татуласуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Оғыз Доғанға тамыз айында ұшақта қауіпсіздік ережелерін сақтаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынған. Ал ер адам оларды мемлекеттік тілді білмейді деп айыптады.