АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Ақмола облысында қария сарайда үсіп өлді, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Атбасар АІІБ жергілікті тұрғын әйел хабарласып, бірге тұратын 1948 жылы туған ер адамның сарайда өлі күйінде табылғанын хабарлады.
Зорлық белгілері жоқ мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өлімнің бастапқы себебі – үсу.