АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Сот шешімінен кейін қайтыс болған Светлана Тұрғанбаеваның отбасы бұрынғы сот Өмірзақ Серімовпен бітім жасасуға келісті. Светлана Тұрғанбаеваның қызы Айнұр Омарбаева сот отырысында сотталушы Серімовпен бітімге келуге қатысты ендігі кезде қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұрынғы сот зардап шеккен жаққа моральдық және материалдық шығынның өтемін жасаған.
Бұл ретте мемлекеттік айыптаушы сотталушыға төрт жарым жыл бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркілеу жазасын сұрады.
Серімовке қатысты ҚР ҚК 307 және 350-баптары бойынша іс қозғалып, айып тағылды. Сотталушы бұл айыптармен келіспеді.