Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаевқа латын әліпбиінің жаңа жобасы ұсынылды

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне ауысу жобасын іске асыруға қатысты жұмыс тобымен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне ауысу жобасын іске асыруға қатысты жұмыс тобымен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жүргізіліп жатқан жұмыстардың бағытын қолдап, қазақ әліпбиінің латын графикасына ауыстыру барысы жайында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға қатысты жұмыс тобы Қазақстан президентіне латын графикасындағы қазақ әліпбиінің біркелкі стандарты жобасын ұсынды, деп хабарлайды Ақорда  баспасөз қызметі.  

Қазақстан Президенті, мемлекеттік тілді реформалау қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының маңызды мәселесі болып табылатынын атап өтті.    

"Бұл күндері қоғамда қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты мәселе қызу талқыланды. Көптеген адамдар бұған өз үлестерін қосты. Латын графикасына ауысу еліміз тәуелсіздік алған кезде туындаған еді. Қазақ жазуының латынға ауысуы үнемі менің бақылауымда болып келді", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы бұл процестің тарихи маңыздылығын атап өтіп, осы шоғырланған мәселеге қатысты нақты шешімдер қабылдау қажеттілігін көрсетті.

"Әлемдегі ешқандай ел дәл біз тәрізді жаңа әліпбиді талқыламаған. Бізге әр адамның пікірі маңызды. Латын әліпбиіне ауысуға қатысты президент әкімшілігіне 300 астам үндеу жолдады. Жастардың бұл процеске қолдау көрсеткені қуантарлық жағдай", — деді Қазақстан Президенті. 
Кездесу кезінде атқарылған істің нәтижесі туралы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы Ерден Қажыбек пен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тлешов айтып берді. 

 


Жаңалықтар
0