Саясат

Бақытжан Сағынтаев Атамбаевтың сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғыз елінің мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзі қоғам ішінде бірнеше күннен бері қызу талқыланып жатыр

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады.

Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әшімбаев президент Атамбаевтың сөзі туралы: сыртқы саяси күштердің ықпалы жоқ

Бақытжан Сағынтаев өз мәлімдемесінде 7 қазанда Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген аспектілеріне қатысты орынсыз әрі екі елдің өзара достық қарым-қатынасына нұқсан келтіретін бірқатар мәлімдеме жасағанын айтады.

"Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынасты дамытудың бұлжымас бағытын растай отырып, Қырғызстан Президентінің сайлауалды мақсатта жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы біздің елдеріміздің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі тиіс", — дейді Сағынтаев.

Осыған орай үкімет басшысы қырғыз халқын Қазақстанның экономикалық дамуымен таныстырып кетуді жөн көрген. 

Премьер: "Тәуелсіздік жылдары біздің экономикамыз 20 есе артты. Бүгінгі таңда 1,3 кәсіпкерлік құрылым ұлттық байлақтың   ¼ өндіреді. Осы жылдары 120 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 1,1 миллион қазақстандық отбасы  пәтермен қамтамасыз етілді", — деген сандарды мысалға алды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, елде инфрақұрылым белсенді түрде дамып келеді: 1,3 мыңнан астам жаңа ауруханалар мен емханалар, 500 жаңа балабақша және 1,4 мың мектеп салынып, пайдалануға берілді. 

"Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстандағы еңбекақы мен зейнетақы көлемі он есе артты. Зейнетақы және әлеуметтік қордың Халықаралық ассоциациясының ресми мәліметтері бойынша, Қазақстандағы ең төменгі және орташа зейнетақы көлемі Қырғызстанмен салыстырғанда, бес есе артық", — деп мәлімдеді Сағынтаев президент Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы туралы айтқан сөзіне жауап ретінде.

Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен ел ішіндегі тұрақтылықтың арқасында Қазақстан экономикасының барлық секторында трансұлттық корпорациялар жұмыс жасайды. Тәуелсіздік жылдарындағы тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлем 265 миллиард долларды құрады. 

Сонымен қатар, премьер министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасы көршілес Қырғыз Республикасымен 1997 жылдың 8 сәуірінде қол қойылған Мәңгілік достастық туралы келісімнің және 2003 жылғы 25 желтоқсанында қол қойылған одақтастық қатынастар туралы келісімге негізделген бауырластық және достастық қатынасты одан ары нығайту саясатын ұстанып келеді.  

Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдемесінің толық мәтінін primeminister.kz сайтынан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
0