Қоғам

Астана полициясы көшеден табылған нәрестенің ата-анасын іздеп жатыр

© Photo : bingngu93Сәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәби бір ай бұрын табылған

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Бір айдай бұрын Астанада жылу трассасы құбырында нәресте табылған, полиция әлі күнге дейін ата-анасын іздеп жатыр, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Анасы мас болып, белгісіз жерде қалған сәби Шымкенттегі саяжайдан табылды

ІІД ақпаратына сүйенсек, төрт айлық бала 12 қыркүйекте 07:00 кезінде Есенберлин көшесіндегі жылу құбыры үстінде табылған. Балаға қою жасыл түсті боди кигізіп, ақ жөргекке ораған, сыртынан ақ түсті түкті көрпемен оралған екен.

Астана полициясы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Сәби балалар үйіне орналастырылды", — деп хабарлайды полиция.

Қандай да бір мәлімет білетін жандардың келесі нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 71-66-11, 71-66-10, 71-66-49, 71-66-58, 8-747-580-71-78 немесе 102.

© Photo : Астана ІІДАстанада табылған нәресте
Астанада табылған нәресте - Sputnik Қазақстан
Астанада табылған нәресте
Жаңалықтар
0