АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Жол апаты 8 қазан күні сағат 16.40 кезінде болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында, Осакаров ауданы, Батпақ ауылының маңында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік ер адамды басып кетеді. Жүргізуші апат болған жерден, зардап шеккен адамға көмек көрсетпестен қашып кетеді. Алған жарақаттары салдарынан көп қан жоғалтқан ер адам оқиға орнында қайтыс болады.
"Жол-көлік апатына қатысты болжаммен алғанда Mercedes автокөлігін мінген белгісіз жүргізуші күдікті болып табылады. Автокқлік Осакаров ауданы жағынан Қарағанду қаласына қарай бет алған. Соқтығысу салдарынан автокөлікті сол жақ фарасы, алдыңғы әйнегі және капотына зақым келген", — деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның кім екенін әзірге анықтаған жоқ. Тек, оның 30-35 жасар ер адам. Ұлты еуропалық. Ер адам Батпақ ауылының тұрғыны емес.
Полиция қызметкерлері автокөліктің немесе оның иесі жайында қандай да бір мәлімет білетін адамдар 102, 41-55-55, 8-700-7745-95-79 телефондарына немесе: Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1-үйге хабарласуды сұрайды.