АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Асқар Амринмен таныстырды, деп хабарлайды Elorda.info порталы.
Исекешевтің жаңадан тағайындалған орынбасарының жасы 42-де, бұған дейін ол Астана әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Асқар Амрин Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, халықаралық құқық мамандығы бойынша тәмамдаған. Корнель құқық мектебінің (АҚШ) түлегі, заңтану магистрі.
Әр жылдары Асқар Амрин ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің басқарма орынбасары (2001-2003), ҚР Қаржы вице-министрі (2003-2006); "Ланкастер Инвест" вице-президенті (2007-2012), бас прокурор аппаратының басшысы (2012-2016) қызметін атқарған.