Өңірлер

Қазақстанда археологтар ежелгі пирамиданы қалпына келтірді

Жазылу
Беғазы-Дәнідбай мәдениеті кесенесін қарағандылық археологтар қалпына келтірген

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қарағанды археологтары "Сарыарқа пирамидасын"  жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады Виктор Новоженов Facebook парақшасында.

Автордың жазуынша, бұл айшықты ескерткіш — Беғазы-Дәнідбай көсемінің кесенесі.

"Жаз бойы И.А.Кукушкин бастаған экспедиция нысанды жөндеуге дайындады, ал күзде тарих ғылымдарының кандидаты, танымал археолог А.З. Бейсенов бастаған мамандар тобы жобаны аяқтады. Енді еліміздің туристік картасында жаңа айшықты ескерткіш — Беғазы-Дәнідбай көсемінің кесенесі пайда болды", — деп хабарлады Новоженов.

© Photo : аккаунт Виктора Новоженова в FacebookСарыарқа пирамидасы
Сарыарқа пирамидасы - Sputnik Қазақстан
1/2
Сарыарқа пирамидасы
© Photo : аккаунт Виктора Новоженова в FacebookСарыарқа пирамидасы
Сарыарқа пирамидасы - Sputnik Қазақстан
2/2
Сарыарқа пирамидасы
1/2
Сарыарқа пирамидасы
2/2
Сарыарқа пирамидасы

Оның айтуынша, бұл ескерткіштің қазба жұмыстары жалғаса бермек.

Жаңалықтар
0