Өңірлер

Дүйсенбіде күн ашық болады

© Sputnik / Болат ШайхиновКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қазақстан аумағында күн ашық болады. Рпеспублика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Қиыр шығыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-23 м/с, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады. 

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Жаңалықтар
0