Өңірлер

Жексенбі еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

© Sputnik / Болат Шайхиновкүз
күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
8 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, тек шығыста жауын-шашын түсуі ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел соғады деп болжанып отыр. 


Жаңалықтар
0