Өңірлер

Атырау облысында жасөспірімдер ұрланған көлікпен апатқа ұшырады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАвтокөлік ұрлаушылар
Автокөлік ұрлаушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Колледждің кәмелетке толмаған студенті мен мектеп оқушысы автокөлікті пышақпен ашқан

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Атырау облысында жасөспірімдер автокөлікті ұрлап кетіп, жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды аймақтық "Ақжайық" баспасы.

Колледждің 15 жасар студенті мен аудандық мектептің оқушысы түн ортасында Ганюшкино елді мекенінде бөтен адамның көлігін пышақпен ашып, мініп кеткен. 

Таңертең автокөліктің иесі көліктің ұрланғанын көріп, полицияға хабарлайды. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автокөлікті аударылған қалпымен ауылдан алыс емес жерден тауып алады. 

"Олар жол апаты кезінде зардап шеккен жоқ, бірақ автокөлік қираған", — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева

Ендігі кезде жасөспірімдер өздерінің істеген әрекеттері үшін жауап береді. Автокөліктің иесі көрсетілген шығынның жалпы сомасын 600 мың теңге деп бағалаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0