Өңірлер

ОҚО азаматы емдік шөп жинау үшін ауған азаматтарын жалдаған

© Photo : ОтырарЗаңсыз мигранттар
Заңсыз мигранттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауғанстан азаматтары айыппұл төлеп, Қазақстаннан шығарылуы мүмкін

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны емдік шөптерді жинау үшін жүзден астам Ауғанстан азаматтарын заңсыз түрде жұмысқа жалдаған, деп хабарлайды аймақтық "Отырар" басылымы.

Заңсыз негізде жүрген қонақтарды жергілікті полицейлер сасыр емдік шөбін жинау кезінде ұстап алған. Тексеру кезінде ауған азаматтарының Қазақстан территориясында жұмыс жасауға рұқсат беретін арнайы құжаттары болмағаны анықталды. 

108 ауған азаматтарына қатысты ҚР заңнамасы негізінде әкімшілік іс қозғалды. Оларға айыппұл төлеу немесе  Қазақстаннан шығарылу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін. 

Заңсыз жұмыс күшін пайдаланған қазақстандық азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 519-бабы бойынша жауапқа тартылды. Заңсыз жұмысшылардың "басшысы" 30-100 АЕК аралығындағы айыппұл төлеумен құтылуы мүмкін. 


Жаңалықтар
0