Видео

Қырғызстанның вице-премьері жол апатында қаза тапты

Жазылу
Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Темір Жұмақадыров Бішкек - Қара-Балта тас жолында Мәскеу ауданы, Садовый аулының маңында болған жол апаты кезінде қаза тапты

Оқиға куәгері жол апаты болған жерде түсірілген бейнені Sputnik Қырғызстан редакциясына жолдаған. 

Land Cruiser маркалы автокөлік пен жүк көлігі 7 қазан күні, сағат 7:45 кезінде Мәскеу ауданы, Садовый ауылында соқтығысқан.

Жол талғамайтын көлікте болғандар — вице-премьер, оның көмекшісі және жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. 

Бұған дейін Темір Жұмақадыров ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған.

 

 

 

 

Жаңалықтар
0